
Максим Самородов
Қазір санаулы минуттардан кейін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы грозныйлық клуб сапында махачкалалық «Динамоға» қарсы ойында өнер көрсетеді.
«Ахмат» 26 турдан кейін 24 ұпаймен он төртінші орында келеді. Грозныйлық ұжым тоғыспалы аймақта тұр. Сондықтан, маусым соңындағы әрбір матчтағы ұпай аса маңызды. Ал қарсыласы «Динамо» 27 ұпаймен бір саты жоғары жайғасқан. Егер ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталса, «Ахмат» бір орынға жоғарылауы ықтимал.
Максим Самородовқа келетін болсақ, РПЛ-24/25-маусымында 22 ойында 5 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 6 матчта екі рет мергендік танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET