
Елордалық клуб жанкүйерлеріне жақсы жаңалық жетті.
Күні кеше ғана жаттығу барысында бойкот жариялаған «Астана» футболшылары Жезқазғанға аман-есен жетіп, бүгінгі «Ұлытауға» қарсы кездесуде үш ұпай үшін барын салмақ.
Дереккөздің хабарлауынша, ойыншылардың банк карталарына бір айлық жалақысы түскен. Бұл жаңалық команда ішіндегі жағдайды біраз тұрақтандырғандай.
Айта кетейік, өткен аптада елордалықтар өз алаңында алғаш рет «Тобыл» клубынан жеңілген еді. Сол матчтан кейін бас бапкер Григорий Бабаян клуб ішінде қаржылық қиындықтар барын айтқан болатын. Бір аптаның ішінде «Астана» Қазақстан кубогынан да шығып қалды. Енді психологиялыұ жағдайды түзеуге жақсы мүмкіндік туып тұр. Қарсылас та мықтылардың санатынан емес.
Біздің серіктес: FONBET