
Елордалық дербиде «Жеңіс» «Астананы» ұтып, Қазақстан Кубогінің жартылай финалына шықты.
Осы оқиғадан кейін Пиралы Әлиевтің командасын бір серпіліп қалуы ықтимал. Себебі, «Жеңіс» соңғы турларда жеңіске жете алмай келген. Енді кубоктік кездесудегі оң нәтиже елордалық команданың эмоцияналдық күйіне жағымды әсер етеді деп күтілуде. Одан кейін тағы бір маңыды фактор - «Жеңістің» жаңа ойыншылары. Испаниялық шабуылшы Мика Хунконың ҚПЛ-дегі алғашқы қадамдары сәтті болуда: «Қайратқа» сосын «Астанаға» гол соғып, елордалық ұжым жейдесін бекер кимегенін дәлелдеп келеді. Хорватиялық қорғаушы Иван Шараванья да солай.
Пиралы Әлиевтің де сыналатын шағы, аяқ-астынан тізгін ұстады (Акис Вавалис бас бапкерліктен кеткен соң). Қазақстандық маман «Жеңісті» 10-орында қабылдап алды. Бүгінгі бәсекеде 3 ұпай олжаласа, клубқа ғана емес, бас бапкеріне де үлкен плюс болмақ.
«Қызыл-Жар» да Кубокте жартылай финалға шығып, жанкүерлерін қуантқан. Милич Чурчич тізгіндегелі жалпы петропавлдық клубтың шаруасы түзеліп қалды - соңғы төрт ойында 9 ұпай еншіледі. Сербиялық маман осыған дейін ҚПЛ-де «Тобылды» тізгіндеген болатын. Енді бюджеті шағын ортаңқол командамен бапкерлік қабілетін дәлелдеуді көздейді.
Бұл матчта қос команда гол салады деп есептейміз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде сіздер бұл вариантқа 2.18 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET