
9-турдың жексенбі күндегі алғашқы ойынында елордалық клуб Жезқазғанда жеңіске жетті.
Бірінші таймда «Астана» бірнеше гол соғатын мүмкіндікке ие болcа да, есеп ашылған жоқ. Әсіресе қақпашы Дмитрий Непогодов керемет сейвтерімен көзге түсті.
Екінші таймда елордалықтар шабуылдарын күшейтті. Тек 82-минутта Назми Грипши айып алаңы сыртынан тепкен добына қақпашы тек көз қиығымен ғана шығарып салды. Қосымша уақытта қосалқы құрамнан шыққан Станислав Басманов ойын нүктесін қойып, матчтың есебін 2:0-ге жеткізді.
Бұл жеңістен кейін «Астана» 21 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» 2 ғана ұпаймен соңғы орында қалып отыр.
«Ұлытау» — «Астана» 0:2 (0:0)
Голдар: Грипши, 82 минут (0:1), Басманов, 90+4 минут (0:2)
Біздің серіктес: FONBET