Максим Самородовтың командасы маңызды ойында жеңіске жете алмады

18.05.2025, 18:06

Грозныйдағы «Ахмат-Арена» стадионында Ресей Премьер-Лигасының 29-туры аясында жергілікті «Ахмат» пен Махачкаланың «Динамо» клубы кездесіп, ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Максим Самородовтың командасы маңызды ойында жеңіске жете алмады

Бұл ойында Қазақстан құрамасының белді ойыншысы Максим Самородов негізгі құрамда бастап, 77-минутта алаңнан кетті. Flashscore дерегіне сүйенсек, отандасымыз 6,6 ұпаймен бағаланған.

Есеп 36-минутта ашылып, қонақтардың шабуылшысы Сердер Сердеров пенальтиді сәтті орындады. Алайда екінші таймның басында, 48-минутта «Ахмат» шабуылшысы Родриго Руис Диас таразы басын теңестірді. Қалған уақытта есеп өзгеріссіз қалды.

29 турдан кейін грозныйлық «Ахмат» турнирлік кестеде 25 ұпаймен 14-орында тұр. Ал Махачкаланың «Динамосы» 28 ұпаймен 12-сатыда орналасқан.

«Ахмат» — «Динамо» (Махачкала) — 1:1 (0:1)
ГолдарСердеров, 36 минут (0:1), Руис Диас, 48 минут (1:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×