
Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында семейлік «Елімай» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады.
Ауа-райы жаңбырлы болса да, турдың басты матчына жанкүйерлер көп жиналды. Бұл матч қос клубқа да өте маңызды болды. «Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович жеңілген сәтте отставкаға кету жайлы сыбыс шықса, «Қайрат» турнир кестесіндегі бірінші орынын қайтарып алу керек еді.
Екі команда да жеңіске жетуге тырысып, соңғы минутқа дейін аянып қалмады. Ал матч тағдыры 90-минуттағы алматылықтардың қорғаныстағы өрескел қателігі шешіп кетті. Бұл сәтті Иван Свиридов сәтті пайдаланып, гол соғып кетті. Есеп: 1:0.
Осылайша, «Қайрат» 2025 жылғы маусымда алғаш рет жеңіліс тапты.
Бұл нәтижеден кейін алматылық клуб 23 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға түсті. Ал «Елімай» 16 ұпай жинап, бесінші орынға көтерілді.
«Елімай» — «Қайрат» 1:0 (0:0)
Гол: Свиридов, 90 минут (1:0)
Біздің серіктес: FONBET