
Мәскеулік "Динамо" клубының және КСРО құрамасының аңызға айналған қақпашысы Лев Яшин Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша барлық уақыттың ең үздік қақпашыларының тізімінде бірінші орынды иеленді.
Яшин бұл рейтингте Джанлуиджи Буффон, Мануэль Нойер, Икер Касильяс, сондай-ақ Петр Чех және Оливер Кан сияқты танымал қақпашыларды артта қалдырды.
Лев Яшин футбол тарихында “Алтын допты” (Ballon d’Or) жеңіп алған жалғыз қақпашы. Ол бұл беделді марапатты 1963 жылы иеленді.
КСРО құрамасы сапында Яшин 1956 жылы Олимпиада чемпионы, 1960 жылы Еуропа чемпионы, 1966 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Мәскеулік "Динамо” клубымен бірге 5 мәрте КСРО чемпионы атанып, 3 рет КСРО Кубогын жеңіп алған.
Біздің серіктес: FONBET