
"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд Кевин Де Брюйнеге арналған қоштасу баннерін жасау үшін клуб жанкүйерлеріне 5 мың еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Аталған қоштасу баннері жанкүйерлер тарапынан Англия Кубогының финалы алдында, яғни "Манчестер Сити” мен "Кристал Палас” командалары арасындағы матчта трибунада ілінді.
Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне маусым соңында командадан кетеді.
Кевин Де Брюйне “Манчестер Сити” үшін 2015 жылдан бері барлығы 420 матчқа қатысып, 108 гол соғып, 177 нәтижелі пас берген.
– 6 рет Англия чемпионы
– 5 рет Англия Лига Кубогы
– 2 рет Англия Кубогы
– 1 рет Чемпиондар Лигасы
– 1 рет Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты
Біздің серіктес: FONBET