
Түркия Суперлигасының 36-турында "Галатасарай" мен "Кайсериспор" командалары кездесті. Стамбұлдағы "RAMS Парк" стадионында өткен матчта алаң иелері 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл нәтижеден кейін "Галатасарай" тарихындағы 25-ші чемпиондықты ресми түрде иеленіп отыр.
Осылайша, Галатасарай 89-шы ұпайын еншіледі, ал басты қарсыласы "Фенербахчеде" — 81 ұпай. Қалған турларға қарамастан, "Галатасарай” чемпион атануын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Ал "Кайсериспор” 44 ұпаймен турнирлік кестеде 11-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET