
"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Англия Кубогының финалындағы "Кристал Паласка" қарсы өткен (0:1) матчтан кейін пікір білдіріп, бұл трофейді жақында командадан кететін Кевин Де Брюйне үшін ұтқылары келгенін айтты.
"Кевин үшін Кубокты жеңіп ала алмағанымыз өкінішті. Біз оған осы трофейді сыйлағымыз келді, ол соған лайық еді. Сондықтан бұл жеңіліс көңілге қаяу салады. Де Брюйнесіз бүгінгі жетістіктерімізге жетер ме едік – елестету қиын. Кевин – менің жақсы досым, оның кететініне қатты өкінемін. Оның тағы біраз уақыт қалуын қалар едім, бірақ бұл – өмір. Мен оған тек жақсылық тілеймін." – деді Силва BBC арнасына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET