
"Акрон" футбол клубының шабуылшысы Артём Дзюба аралас жекпе-жекке (ММА) қатысып көруге ниетті екенін мәлімдеді.
"Маған бірнеше рет қоңыраулар келді, поп-ММА тарапынан да ұсыныстар болды. Қазір мен толықтай футболға көңіл бөліп жүрмін. Тағы бір жылдай ойнаймын деп ойлаймын. Бірақ жалпы, мен ММА-ге қатысудан бас тартпас едім. UFC жұлдызы Александр Волковтың бапкері Тарас Кияшко маған: "Үш-төрт ай дайындалсаң, өзің сияқты әуесқойды немесе одан да мықтысын оп-оңай жеңесің” деді.” дейді Дзюба.
Біздің серіктес: FONBET