
Қазақстан Премьер лигасының 9-турында "Астана" сырт алаңда "Ұлытауды" 2:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды. Григорий Бабаян шәкірттері бұл жеңістен кейін, турнирлік кестеде 21 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
"Мұндай қиын жағдайда өте маңызды жеңіске қол жеткіздік. Қарсылас өте тығыз ойнауға тырысты. Дегенмен, бірінші таймда-ақ біз төрт гол соғатын мүмкіндік жасадық. Бірақ, өкінішке қарай, әзірге жүзеге асыру жағы ақсап тұр. Екінші таймда қарсыласты толық басып, жеңісті жұлып алдық. Олар турнир кестесіндегі орнына қарамастан, сапалы ойын көрсетті. Матч оңай болған жоқ, бірақ ең бастысы — үш ұпай.” — деді Григорий Бабаян.
Біздің серіктес: FONBET