Криштиану Роналдуның ұлы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты

19.05.2025, 13:00

14 жасар Роналду Жуниор Португалияның 15 жасқа дейінгі құрамасы сапындағы алғашқы голын соғып, әкесінің стилінде (siuuu) атап өтті.

Криштиану Роналдуның ұлы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты

Роналду Жуниор Португалия U15 құрамасымен бірге "Влатко Маркович" турнирінде бақ сынауда.

Жуниор Хорватияның жасөспірімдеріне қарсы кездесудің 13-минутында есеп ашты және Португалия құрамасы бұл матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Ол қазір Сауд Арабиясындағы "Аль-Наср” клубының жасөспірімдер командасында өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін ол "Ювентус" және “Манчестер Юнайтед” клубтарының академияларында да доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×