«Қайсардың» бас бапкері: бізді өлтіре берудің қажеті жоқ

05.05.2025, 10:50

Кеше ҚПЛ-дің жетінші турының аясында болған «Қайсар» мен «Астана» арасындағы ойынның соңы дауға ұласқан болатын.

«Қайсардың» бас бапкері: бізді өлтіре берудің қажеті жоқ
Виктор Кумыков

Жергілікті жанкүйерлер мен спорт журналистері аталған ойында төрешіні елордалық командаға бүйрегі бұрды деп айыптады.

Айта кетейік, аталған матчта қазылық еткен маман Сергей Ноженко «Қайсар» қақпасына 41-минутта бір пенальти белгілесе (Джеффри Чинеду гол соға алмады), 88-минутта екінші рет 11 метрлік айып нүктесін көрсеткен еді. Алайда, бұл жолы да астаналықтар өз мүмкіндігін пайдалана алмаған - Назми Грипшидің тепкен добын қақпашы қайтарды. Бірақ, төреші пенальтиді басынан тепкізуді бұйырды. Нәтижесінде қонақтар ақыры есепті теңестіріп кетті – 1:1.

Ал ойын соңында «Қайсар» клубының бас бапкері Виктор Кумыков төрешілердің жұмысын сынға алды.

«Біздің команда қазақстандықтардан ғана жасақталғанын жақсы білесіздер. Жігіттер қосалқы құрамнан, Бірінші және Екінші лигалардан жиналған. 

Мен онсыз да жарты жылға шартты түрде шеттетілгенмін, енді тағы шеттетілетін шығармын. Бірақ үнсіз отыра беруге де болмайды. Ойынымызға төреші болып тағайындалған әрбір төреші біздің команданың сағын сындыруды абырой санайтындай. «Қызылжармен» болған алдыңғы матчта 100 пайыз қызыл қағаз болған, алайда қызыл қағаз тұрмақ, ойынды тоқтатқан жоқ. Ал бізді бірден алаңнан қуушы еді. Үнемі қайталанатын жағдай. Бізді өлтіре берудің қажеті жоқ. Командамыз енді жасақталған. Соған қарамастан төрешілер қосымша аяқтан шалады. Бір ойында үш пенальтиді қалай беруге болады?!» - деп өзінің наразылығын білдірді В.Кумыков.

Сонымен, 7 турдың қортындысы бойынша «Астанана» 18 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал «Қайсар» 4 ұпаймен турнир кестесінің 11-сатысында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×