«Тобыл» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

04.05.2025, 21:07

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Қызылжар» командасын қабылдап, тартысты өткен кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Тобыл» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Матч барысында алаң иелері аздаған басымдыққа ие болып, алғашқы голды 27-минутта Николай Сигневичтің әдемі соққысымен соқты. Алайда үзіліске санаулы минуттар қалғанда, 43-минутта қонақтар сапынан Дарко Зорич Руслан Валиуллиннің дәл берген пасынан кейін баспен гол соқты.

Екінші таймда қос команда да жеңіс үшін барын салды. Нәтижесінде, ойынның 89-минутында Виктор Брага шешуші голды соғып, «Тобыл» маңызды үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Тобыл» 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 8 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.

«Тобыл» — «Қызылжар» 2:1 (1:1)

Голдар: Сигневич 27 (1:0), Зорич 43 (1:1), Брага 89 (2:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×