
«Оқжетпес» ойыншылары
ҚПЛ-дің жетінші турында Андрей Ферапонтовтың командасы сырт алаңда «Елімаймен» кездесіп, жеңіске жетті.
Көкшетаулықтар сапында Дәурен Жұмат мергендік танытып, есеп ашты 15-минут. Бұл 26-жастағы жартылай қорғаушының премьер-лигадағы 4-голы. Үзілістен кейін Әлияр Мұхамед 11-метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, есепті еселей түсті 62-минут.
Сонымен, 7 турдан кейін «Оқжетпес» ұпай санын 11-ге жеткізді. Ал Андрей Карпович жаттықтыратын семейлік клуб 13 ұпаймен алтыншы тұр. Көкшетаулықтар келесі турда сырт алаңда «Жетісумен» кездессе, «Елімай» сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы кездесу өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET