Кака: «Халықаралық аренада бізден қорқатын құрамалар да бар»

02.03.2021, 01:57
Ұлттық құрамамыз ертең Беларусь құрамасымен кездеседі.
Кака: «Халықаралық аренада бізден қорқатын құрамалар да бар»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Беларусь құрамасына қарсы өтетін Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матч туралы пікір білдірді, сонымен қатар елдегі футзалдың дамуы туралы айтты.

- Біз мұның мықты қарсылас екенін, дәстүрлі футбол ойнайтынын білеміз. Бірақ біз үйде ойнаймыз. Қазақстан тек осы текетіресте ғана емес, жалпы топтағы фаворит, сондықтан біз бұл мәртебені растауымыз керек.

- Бірнеше күн бұрын Игитаға дәстүрлі шапан тарту етілді. Бұл лайықты сыйлық па?

- Бұл тіпті талқыланбайды. Игита - шынымен де қазақ мәдениетіне қосылған адам, ол Қазақстанды өте жақсы көреді және патриоттық сезімге ие ұлттық құраманың намысын қорғайды. Егер барлық азаматтар Игита сияқты ұлтжанды және жауапкершілікті сезінсе жақсы болар еді. Ол бұл марапатқа толықтай лайық.

- Бұл сыйлық Қазақстан азаматтығын алған басқа ойыншыларға қосымша мотивация бере ме?

- Әрине. Федерацияның тек Игитаға ғана емес, басқа ойыншыларға да назар аударғаны өте керемет. Бұл барлық ойыншылар үшін үлкен мотивация.

- Сіз Қазақстанда ұзақ уақыт жұмыс істедіңіз. Біздің елдегі футзалдың дамуын қалай бағалар едіңіз?

- Әрине, пандемия оның дамуына үлкен кедергі келтірді. Чемпионат қиын жағдайда болды - біз өткен маусымды мерзімінен бұрын аяқтадық, ал ағымдағы маусымды өзіміз қаламаған жағдайда өткізіп жатырмыз. Алайда, біз қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатқанын көріп отырмыз және футзалды тек чемпионат деңгейінде ғана емес, сонымен қатар жастар арасындағы жарыс ретінде де дамытуға үлкен ұмтылыс бар - ең бастысы осы. Біз дұрыс жолдамыз. Жақын арада әлем қалыпты жағдайға келеді деп үміттенеміз.

- Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамаға жасап жатқан жағдайын қалай бағалайсыз?

- Шағым жоқ. Біз Қазақстан футбол федерациясына өте ризамыз. Жоғары орындар үшін күресетін команда жаман жағдайда өмір сүрмеуі керек. Мұнда барлық қажетті жағдайлар жасалған. Біз тек алаңға шығып, жұмысымызды мүмкіндігінше тиімді орындауымыз керек.

- Футзал тек Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана емес, басқа аймақтарда да танымал бола бастағанын білесіз бе?

- Әрине. Мен өзім Атырау, Ақтау қалаларына бардым. Онда футзалдың қалай дамып жатқанын өз көзіммен көрдім. Елордада әуесқойлар лигасы өтіп жатыр, оны бақылап отырмын. Футзал - бұл көпшілік айналысатын спорт түрі. Біз балалар футзалының деңгейі одан әрі дамиды деп үміттенеміз, өйткені бұл тек футзалдың ғана емес, сонымен қатар үлкен футболдың да дамуына көмектеседі. Үлкен футбол дамыған барлық елдер осы футзалды қолданады. Мен Қазақстанда да осылай болады деп үміттенемін

- Біздің футзал тек Еуропадағы ғана емес, әлемдегі ең мықты спорттың бірі деп айта аласыз ба?

- Әрине, бұл тек рейтингке ғана байланысты емес. Шынында да, бізді халықаралық аренада құрметтейді. Тіпті кейде олар бізден қорқады. Бұл мен келмей жатып жасалған нәтиже. Бұл өте керемет және біз тек алға жылжуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×