«Ордабасы» «Ротор» клубын еш қиындықсыз жеңді

01.03.2021, 21:33
Седнев шәкірттері жауапсыз үш гол соқты.
«Ордабасы» «Ротор» клубын еш қиындықсыз жеңді

"Ордабасы" Түркиядағы ОЖЖ аясында волгоградтық "Ротор" клубымен кездесті. Матч 3:0 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды. Рубен Бриджидо, Жоао Пауло, Мирзад Механович мергендігімен көзге түсті.

"Ордабасының" негізгі құрамы: Плотников - Ерланов, Фонтанелло (к), Симчевич, Қайыров, Досмағамбетов - Тұңғышбаев, Диакате, Осучукву, Бриджидо - Пауло.

Қосалқы құрам: Шайзада, Трофимец, Хижниченко, Айтбаев, Даутов, Астанов, Механович, Шәмші, Сұлтаниязов, Хаджиев, Жиенбай, Тұрсынбай, Халматов.

"Ротор" сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшылардың ешқайсысы негізгі құрамға ене алмады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×