«Астана» клубы бірінші нөмірді Эричке бекітті

02.03.2021, 16:20
Енді «Астана» клубында қақпашылар бірінші нөмірді иелене алмайды.
«Астана» клубы бірінші нөмірді Эричке бекітті

Клуб басшылығының шешімімен "1" ойын нөмірі "Астана" командасының қақпашысы, осы маусым алдында келісім-шартының аяқталуына байланысты елордалық клубтан кеткен, жылдар бойы клубтың көшбасшысы мен капитаны болған Ненад Эричке бекітілді.

Ненад 2011 жылы "Астанамен" алғашқы келісім-шартына қол қойып, елордалық клубтың қақпашысы атанды. Эрич клубта 10 маусым бойы 318 матч өткізіп, рекорд орнатты, көпшілігінде ол команданы алаңға капитан ретінде алып шықты. Одан басқа, Ненад гол жібермеген матчтар саны бойынша рекорд орнатты, сондай-ақ оның еншісінді екі нәтижелі пас бар.

"Астана" футбол клубы Эричтің еңбегін жоғары бағалайды, өйткені оның қатысуымен команда 6 рет чемпиондық атақты, төрт рет Суперкубокті және екі рет Қазақстан Кубогін жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде бақ сынады, Еуропа Лигасының 1/16 финалында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×