«Шахтер» украиналық футболшыны қатарға қосты

02.03.2021, 17:18
Виталий бұған дейін «Ақтөбе» сапына қаралымға барып, екі матчта екі гол соққан болатын.
«Шахтер» украиналық футболшыны қатарға қосты

"Шахтер" украиналық шабуылшы Виталий Балашовпен келісім-шартқа отырды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Виталий қарағандылық клуб сапында 10 нөмірмен өнер көрсететін болады.

30 жастағы футболшының соңғы клубы ресейлік "Тамбов" болды, онда ол маусымның бірінші бөлігінде жеті матч өткізді. Бірақ ешқандай тиімді іс-әрекетпен көзге түсе алмады.

РПЛ-ге ауысар алдында Балашов екі жыл бойы "Олимпик Донецк" клубының намысын қорғады. Ол сондай-ақ "Черноморец", "Говерла", "Висла", молдовиялық "Милсами" және беларуссиялық "Ислочь" командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×