Сан Сиро жасыл алаңында жергілікті "Милан" командасы Аталанта клубын 3-0 есебімен тас-талқан етті.
Ойынның 35-і минутында "Милан" командасының сапынан Кака көзге түсті. Өз командасын 1-0 есебімен алға шығарған бразилиялық футболшы араға 30 минут салып, дубль жасады. Сонымен қатар Кака "Милан" сапындағы өзінің 100-ші голын салды. Екі минут өтпей жатып Бриан Кристанте де 3 голды "Аталанта" қақпасына тулатып, "Милан" командасының жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.
Әзірше, Милан 22 ұпаймен турнир кестесінің 10-ы сатысында тұр.
"Реал Мадрид" командасынан өзінің ойынын таба алмаған Кака, бұрынғы клубына келіп, екінші тынысы ашылды. Жүзінші голын салып, жүзі жадыраған футбол жұлдызына жасыл алаңда жаңа жетістіктер тілейміз!
Абылайхан ЖҰМАШ