400-ші голын "әйгілі Эйсебиоға" арнаған Роналду

07.01.2014, 09:53
400-ші голын "әйгілі Эйсебиоға" арнаған Роналду
Испания Чемпионатының 18-і турында Сантияго Бернабеуде "Реал Мадрид"  "Сельтаны" 3-0 есебімен ұтты. Гол авторлары: Карим Бензема мен Криштиану Роналду. Реал Мадрид 3 - 0 Сельта   Жалқы голды Бензема өз еншісіне жазса, Роналду дубль жасап, карьерасындағы 400-і голын салды. Ойын басталмас бұрын Роналду "Бүгінгі ойындағы салған голымды марқұм Эйсебиоға арнаймын",- деп айтқан болатын. Португалдық шабуылшы өз сөзінде тұрды. "Реал" 44 ұпаймен турнир кестесінің 3 сатысынан жылжыған жоқ. Алда 49 ұпаймен Атлетико(2) мен Барселона(1) командалары тұр.     Абылайхан ЖҰМАШ        
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×