Каканың "Милан" сапындағы 100-ші голы

07.01.2014, 09:28
Каканың "Милан" сапындағы 100-ші голы
Сан Сиро жасыл алаңында жергілікті "Милан" командасы Аталанта клубын 3-0 есебімен тас-талқан етті. Ойынның 35-і минутында "Милан" командасының сапынан Кака көзге түсті. Өз командасын 1-0 есебімен алға шығарған бразилиялық футболшы араға 30 минут салып, дубль жасады. Сонымен қатар Кака "Милан" сапындағы өзінің 100-ші голын салды. Екі минут өтпей жатып Бриан Кристанте де 3 голды "Аталанта" қақпасына тулатып, "Милан" командасының жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Әзірше, Милан 22 ұпаймен турнир кестесінің 10-ы сатысында тұр. "Реал Мадрид" командасынан өзінің ойынын таба алмаған Кака, бұрынғы клубына келіп, екінші тынысы ашылды. Жүзінші голын салып, жүзі жадыраған футбол жұлдызына  жасыл алаңда жаңа жетістіктер тілейміз!   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×