Кристя "Қайрат" құрамын толықтыруы мүмкін

07.01.2014, 20:21
Кристя "Қайрат" құрамын толықтыруы мүмкін
Румыниялық жартылай қорғаушы, бухаресттік  «Стяуа» командасының ойыншысы  Адриан Кристя алматылық «Кайрат» командасының басты назарына ілікті.  Кристя  «Стяуа» командасына дейін румынияның өзге «Политехника», «Динамо» (Бухарест), «Университатя» (Клуж), «Петролул» сияқты клубтарында доп тепкен. Сонымен қатар бельгиялық «Стандард» командасында да өнер көрсетті. Румыния ұлттық құрамасының жейдесінде 9 рет жасыл алаңға шыққан.     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×