Пиззели "Ақтөбе" ойыншысы атануға жақын

08.01.2014, 00:57
Пиззели "Ақтөбе" ойыншысы атануға жақын
"Краснодар" командасының жартылай қорғаушысы және Армения ұлттық құрамасының футболшысы  Маркос Пиззелли карьерасын "Актөбеде"  жалғастырмақ. Бұл жайында  footballhd.ru сайты мәлімдеді.  Ел чемпионы 29 жасар футболшыны сатып алу үшін барын салмақшы. Пиззеллиге жоғары сомада ақша ұсыныпты-мыс.  "Краснодар"  басшылығы келісім беріп отыр, ендігі кезек футболшыда. Пиззели 2013 жылы жазғы ауысым барысында "Краснодар" клубының ойыншысы атанды. Алайда, бұл командада негізгі құрамға іліге алмай, көп уақытын қосалқы құрамда өткізді. Бар - жоғы 6 ойынға қатысыпты. Осыған дейін армяндық "Пюник", украиндық "Металлург", еревандық "Арарат", ресейлік "Кубань" және бразилиялық "Сан-Карлуш" клубтарында бағын сынаған. 2008 жылдан бері Армения ұлттық құрамасында 25 ойын өткізіп, 7 голдың авторы атанған.     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×