Калиду Кулибали «Ситиге» ауысатын болды

25.06.2020, 22:49
«Наполи» қорғаушысы Калиду Кулибали «Манчестер Ситиге» ауысатын болды.
Калиду Кулибали «Ситиге» ауысатын болды

"Наполи" футбол клубының басшылығы қорғаушыны сатуға келісімін берді. Екі клуб арасында келіссөздер жүріп, "Манчестер Сити" футболшының құнын түсіруін сұраған. Италиялық ұжым жаңа бағаға келісіп, қорғаушыны 77 миллион еуроға сатуға дайын. Сонымен қатар, қорғаушының өзі де жеке келісімге қуана келісті. Ол "Манчестер Сити" қорғанысының көшбасшысы боламын деп отыр.

Францияда туып-өскен Калиду Кулибали бастапқыда Франция жастар құрамасында өнер көрсетті. Кейіннен өзінің тарихи отаны Сенегалға ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×