Педро маусым соңында «Ромаға» ауысады

25.06.2020, 21:40
Футболда көп жүлде жеңген ойыншылардың бірі Педро Родригес енді өзін Италияда сынап көрмек.
Педро маусым соңында «Ромаға» ауысады

Ағымдағы маусымның соңында «Челсидің» шабуылшысы Педро еркін агент ретінде итальяндық «Рома» ойыншысы болады, деп хабарлады футбол агенті Николо Скира.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар келісімге келді. Педро римдіктермен келісімді тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен 2022 жылға дейін келісімшартқа отырады. Ойыншының жылдық жалақысы 3,5 миллион еуроны құрайды.

Кеше Педроның "Челси" клубымен келісімшартты осы маусымның соңына дейін ұзартқаны белгілі болды, бұл туралы Лондондық клуб ресми түрде мәлімдеді.

Педро осы маусымда Премьер-лигада тоғыз матчта бір гол салды және екі голдық паспен көзге түсті. Англия Премьер-лигасының 31-турының матчында «Челси» «Манчестер Ситиге» қарсы ойнайды. Матч бүгін Астана уақытымен сағат 01:15-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×