Камавинга ерекше жетістікке қол жеткізді

15.10.2020, 18:30
Бұған дейінгі рекорд бір ғасыр бұрын жасалған екен.
Камавинга ерекше жетістікке қол жеткізді

«Ренн» мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга ұлттық құрама сапында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

Бір күн бұрын, яғни 14 қазанда француздар Ұлттар лигасының 4-туры матчында Хорватияны 2:1 есебімен сырт алаңда жеңді. Қонақтар 8-минутта шабуылшы Антуан Гризманнның голының арқасында алға шықты. 64-минутта, Никола Влашич есепті теңестірді. Францияға үш ұпайды Килиан Мбаппе әкелді, ол 79-минутта жеңіс голын соғып кетті. Камавинга кездесуді қосалқы құрамда бастады, 63-минутта алаңға шықты.

Stats Foot-тің мәліметі бойынша, бұл 17 жасар ойыншының Франция құрамасы үшін өткізген үшінші матчы. Ол 18 жасқа толмаған футболшылардың арасында дәл осы көрсеткішке қол жеткізген команда тарихындағы екінші ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд Даниэль Мерсьеге тиесілі еді (1910 жылы).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×