Пауло Дибала мансабын «Челсиде» жалғастыруы мүмкін

15.10.2020, 18:44
«Ювентус» келісімшартты ұзарта алмаса, «Челси» іске кіріседі.
Пауло Дибала мансабын «Челсиде» жалғастыруы мүмкін

Жазғы трансферлік кезеңде белсенді жұмыс жасаған "Челси" тағы бір жұлдызды ойыншыны сатып алуы мүмкін.

Tuttomercatoweb-тің хабарлауынша, Лондондық клуб "Ювентус" шабуылшысы Пауло Дибаланы сатып алуды ойластыруда. Қазіргі уақытта 26 жастағы шабуылшы Туриндік клубпен келісімшартты 2025 жылдың жазына дейін ұзарту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр және "Челси" осы жағдайды өз бақылауына алмақшы.

Дибала 2015 жылдан бері "Ювентус" сапында ойнайды, оған дейін "Палермо" мен "Институто" клубтарының намысын қорғады. Ол 2015 жылдан бастап Аргентина құрамасына шақыртылып келеді. Осы маусымда Пауло әлі бірде-бір матч өткізген жоқ.

Еске салайық, соңғы трансферлік терезеде "Челси" құрамның жартысын жаңартып алды, оның ішінде қақпашы Эдуард Менди, қорғаушылар Тиаго Силва мен Бенджамин Чилуэлл, жартылай қорғаушылар Хаким Зиеш пен Кай Хаверц және шабуылшы Тимо Вернерді сатып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×