Камо Оганесян: «Алашкертпен» ойнау арқылы достарыммен күш сынасатын болдым»

01.08.2021, 15:19
Алғашқы матч 5 тамызда Алматыда өтеді.
Камо Оганесян: «Алашкертпен» ойнау арқылы достарыммен күш сынасатын болдым»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Камо Оганесян Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Алашкертке» қарсы өтетін матч туралы өз ойымен бөлісті:

- «Алашкертпен» ойнайтынымыз жақсы болды - бұл достармен күш сынасудың керемет мүмкіндігі. Бұл біз үшін өте маңызды матч.

«Алашкерт» - бірнеше рет өз елінің чемпионы атанған жауынгер команда. Және жақсы ойыншылармен жасақталған, тәжірибесі де мол.

Мен білемін, «Қайрат» олармен бұрын да кездескен. Сол кезде алматылық команданың келесі кезеңге өткеніне қарамастан, бұл кездесу оңай болған жоқ. Ал енді бізді тағы да керемет жекпе-жек күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×