«Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» минималды есеппен жеңді

01.08.2021, 05:03
«Қайсар» «Ақтөбені» қатарынан екінші матчта жеңді.
«Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» минималды есеппен жеңді

"Қайсар" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Ақтөбе" командасын жеңді. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

"Қайсардың" капитаны Думан Нәрзілдаевтың алаң ортасынан асырған пасын Каролис Лаукжемис керемет тосып алып, қақпаға бағыттады. Литвалық шабуылшының бұл голы "Қайсардың" үш ұпай алуына себепкер болды.

"Ақтөбені" қатарынан екінші матчта жеңген Владимир Никитенко шәкірттері С тобында 8 ұпаймен көш бастап тұр. Ұпайы жоқ "Ақтөбе" ең соңғы орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×