«Тұран» «Қайратпен» болған кездесуде тамаша камбэк жасады

01.08.2021, 03:00
3:0 есебімен ұтып келе жатқан «Қайрат» жеңісті уысынан шығарып алды.
«Тұран» «Қайратпен» болған кездесуде тамаша камбэк жасады

"Тұран" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Қайрат" клубынан басым түсті. "Түркістан Аренада" өткен матч 4:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-минутында қақпашы Андрей Пасеченконың қателігінен кейін Артур Шушеначев есеп ашты. Бір минут өткеннен кейін қақпашымен жеке-дара шыққан Гүлжігіт Алықұлов өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ал 19-минутта Андрей Ульшин тікелей айып добынан гол соқты. Ойынның екінші жартысында "Тұран" ояна бастады. Алдымен Мардан Төлебек алыстан бағыттаған тамаша соққысымен, одан кейін Дінмұхаммед Омаров баспен гол соқты. Өткен матчтағы жалғыз голды соққан Стэнли Нкоби бұл кездесуде дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

"Қайратты" екі матчта қатарынан жеңген түркістандық клуб Д тобында 6 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Кирилл Кекер шәкірттері 3 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×