«Камп Ноу» қалай соғылды?

14.03.2011, 19:18
 «Камп Ноу» қалай соғылды?
«Камп Ноу» – «Барселона» футбол клубының стадионы. Ол 1957 жылы ашылғаннан бастап, «Барселона» клубының стадионы болып саналады. Ең алғашқы атауы «Estadi del FC Barcelona» (Барселона футбол клубының стадионы), болатын, бірақ сол кездің өзінде халық арасында «Камп Ноу» аталған болатын. 2001 жылдан бастап қана «Камп Ноу» атағы толықтай берілді.

Стадион Барселона тағында Франсеск Миро-Санс басшылық еткен кезде салынған. «Барселона» клубының бұрынғы стадионы «Camp de Les Corts»-ның өте кішкентай болып, клубтың жанкүйерлері толықтай сыймауы «Камп Ноуды» салуға алғышарт жасады. Және де, команданың ең басты бәсекелесі «Реал Мадридтің» жаңа стадион «Estadio Chamartín(Сантьяго Бернабеу)»-ға көшуі стадионның салуына ықпал жасады. Франсеску Митханс (Миро-Санстың немере ағасы) басты архитекторға тағайындалып, бұл жұмысты өз қолына алған.

Ең бірінші кірпіші 1953-жылдың наурыз айында қаланды. Ал құрылысқа 67 миллион песет бөлінді. Алайда құрылыс жұмысындағы ақауларға байланысты стадионның құрылысына 288 миллион песет жұмсалды. Тыңғылықты жұмыстардың арқасында 1957-жылдың 24-қыркүйегінде стадионның ашылуы салтанатты түрде өтті. Сол сәттен бастап, клубтың жанкүйерлері бұрынғы стадионмен қош айтысып, өздерінің сүйікті командаларының ойындарын «Камп Ноуда» тамашалай бастады. Ашылған сәттен бастап «Камп Ноу» әлемдегі ең үлкен стадиондардың біріне айналды. Оның сыйымдылығы 90 000 адамды құрады. Бүгінгі таңда сыйымдылығы 98 934 адам. Ең алғашында стадионға, стадионның негізін қалаған Ганс Гампердің есімін бермек болды. Бірақ, барлық ел «Estadi del FC Barcelona» (Барселона футбол клубының стадионы) деген атақ беруді құптады. Халық арасында «Камп Ноу» есімімен таралды. Бұл испан тілінен аударғанда «жаңа стадион», «жаңа жер» деген мағынаны береді. 2001 жылы өткізілген жиналыста стадионға «Камп Ноу» есімі берілді. 2007-2008 маусым кезінде, стадионның салынуының елу жылдық мерейтойына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілді.

1957-жылдың 24-қыркүйегінде ең бірінші матч өткізілді. «Барселона» клубы Польшаның «Легиясын» 4:2 есебімен тізі бүктірді. Эулохио Мартинес бұл стадиондағы соғылған ең бірінші голдың авторы атанды.

Испан біріншілігіндегі алғашқы матч қазан айының 6 күні «Реал Хаенге» қарсы өткізілді. Жергілікті жанкүйерлердің бағына орай «Барселона» қарсыласын 6:1 есебімен ұтты. Мына ойыншылар сол матчта гол соққан болатын: Вилаверде, Тэхада, Кубала, Эулохио Мартинес(3 гол, ең бірінші хет-трик).

Абылай КАРИН.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×