«Карабах»-«Қайрат» матчындағы үздік ойыншылар анықталды

22.10.2021, 15:24
Гвинеялық шабуылшы үздік деп танылды.
«Карабах»-«Қайрат» матчындағы үздік ойыншылар анықталды

SofaScore аналитикалық порталы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойыннан кейін «Карабах» пен «Қайрат» ойыншыларының рейтингін жариялады (2:1).

Аталмыш портал бұл матчтағы «Карабахтың» ойынына 6,94 ұпай берсе, «Қайрат» 6,69 ұпаймен бағаланды.

Әзірбайжандық клубқа гол соққан «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Канте матчтың үздік ойыншысы атанды (7,8).


Алматылық клуб сапында үздік үш ойыншының қатарына Стас Покатилов (7,5) пен Раде Дугалич (7,2) кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×