Құрбан Бердыев: «Біз көптеген қателіктер жібердік, ал қарсылас оны өз пайдасына жаратты»

22.10.2021, 15:06
Алматылық ұжым қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Құрбан Бердыев: «Біз көптеген қателіктер жібердік, ал қарсылас оны өз пайдасына жаратты»

"Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев Конференция лигасының топтық кезеңінің үшінші турында "Карабахпен" болған ойынды (1:2) қорытындылады:

- Ойын туралы не айта аласыз?

- Біз екі түрлі тайм көрдік. Біз бірінші таймның нәтижесін сақтап қалғымыз келді. Бірақ "Карабах" өз ойынын көрсетіп, кездесудің барысын өзгертті.

- Сізге стадиондағы атмосфера ұнады ма?

- Нағыз футбол атмосферасы болды. Жанкүйерлер өз командасына жақсы қолдау көрсетті.

- Сіз "Рубиндегідей" ультра қорғаныстық ойынды ұнатасыз. Бүгінгі ойынды қалай түсінуге болады?

- "Карабахтың" жасаған шабуылдары өте қауіпті болды. Бұл жерде қателік жібермеуіміз керек еді. Бірінші таймда жақсы ойнадық. Ал ойынның екінші бөлігінде қарсылас лайықты түрде жеңіске жетті. Біз көптеген қателіктер жібердік, алаң иелері оны өз пайдасына жаратты.

- "Қайраттың" топтан шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Бүгінгі ойыннан кейін мүмкіндік азайды. Бірақ, әлі де мүмкіндік бар болса, біз күресті жалғастыруымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×