Карим Бензема бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

01.04.2021, 06:39
Сот ісі осы жылдың қазан айында өтеді.
Карим Бензема бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема сот процесі аяқталғаннан кейін ауыр жазаға ұшырауы мүмкін.

Еске салайық, футболшы «Олимпиакостың» жартылай қорғаушысы Матьё Вальбуэнаны интимдік бейнетаспа арқылы бопсалау ісіне қатысқан болатын. Бұл оқиға 2015 жылы орын алған еді және тергеу барысында Бенземаның Франция ұлттық құрамасындағы серіктесінен видеоны әлеуметтік желілерге жарияламауы үшін ақша төлеуді талап еткені анықталды. Осы жанжалға байланысты екі ойыншы да ұлттық құрамадан шеттетілді. Содан бері Бензема мүлдем ұлттық құрамаға шақыртылмаған

L'Equipe басылымы хабарлағандай, сот ісі Версальда осы жылдың 20-22 қазан аралығында өтеді. Егер Бенземаның кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 75 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×