Қазақстан құрамасы Украинадан бір ұпайды жұлып әкетті

01.04.2021, 07:45
Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеу кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы Украинадан бір ұпайды жұлып әкетті

Бүгін Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина құрамасымен кездесті. Киевтегі Олимпиадалық стадионда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды 20-минутта Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук соқты. Ал 59-минутта Серікжан Мужиков керемет соққы жасап, таразы басын теңестірді. Нәтижелі пасты Азат Нұрғалиев өз еншісіне жазды. Матч соңына дейін Украина құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанымен, Стас Покатилов есептің өзгеруіне жол бермеді.

Казақстан: Стас Покатилов (қ) – Руслан Валиуллин, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов – Айбол Әбікен, Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев (к), Серікжан Мужиков – Абат Айымбетов;

Қосалқы құрам: Мұхамеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Ян Вороговский, Олжас Керімжанов, Тимур Рудосельский, Марат Быстров – Рамазан Оразов, Данияр Үсенов, Эльхан Астанов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Максим Самородов – Рамазан Кәрімов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×