Ахмед Муса «Қайрат» ойыншысы атанды

01.04.2021, 16:37
Шабуылшы бұған дейін «Ан Наср» клубында өнер көрсетті.
Ахмед Муса «Қайрат» ойыншысы атанды

Нигерия құрамасының шабуылшысы Ахмед Муса алматылық "Қайратпен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Муса - Нигерия құрамасының тарихындағы ең жас капитан (22 жас 362 күн). Нигерия құрамасындағы өткізген матчтар саны бойынша үшінші орында тұр. Ахмед - Ресей чемпионатының тарихында ең көп гол соққан екінші африкалық футболшы. (135 матчта 48 гол).

28 жастағы шабуылшы JUTH (Джос), "Кано Пилларс" (екеуі де - Нигерия), "Венло" (Голландия), ЦСКА (Ресей), "Лестер" (Англия) командаларында ойнады. 2012 және 2013 жылдары Ахмед Муса мен Вагнер Лав мәскеулік ЦСКА сапында бірге ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×