Қазақстан мен Украина арасындағы матчтың үздік ойыншысы анықталды

01.04.2021, 17:02
Қақпашымыз кеше 9 сейв жасады.
Қазақстан мен Украина арасындағы матчтың үздік ойыншысы анықталды

«WhoScored» статистикалық порталы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Украина мен Қазақстан арасындағы матчқа қатысқан ойыншыларға баға берді (1:1).

Жалпы Қазақстан құрамасы 6,56, алаң иелері 6,71 деген бағаға ие болды. Қақпашы Стас Покатилов 7,6 ұпай жинап, Қазақстан құрамасының осы матчтағы үздік ойыншысы атанды. Ол кешегі ойында 9 сейв жасады. Рейтингтегі екінші орынға Украина қақпасына гол соққан Серікжан Мужиков (7.2), одан кейінгі орынға қорғаушы Сергей Малый (7.1) жайғасты.

Украина құрамасы сапында Александр Зинченко үздік деп танылды (8.0). Ол нәтижелі пасты өз еншісіне жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×