Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема француз футболшылары арасындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Футболшы Испания чемпионатының 28-ші турында «Мальоркамен» (3:0) болған кездесуде дубль жасады. Осылайша, Бензема 413 голмен франциялық сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Бұған дейінгі рекорд 411 гол соққан Тьерри Анриге тиесілі еді.
Еске салайық, Бензема Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Пари Сен-Жерменмен» болған екінші ойында (3:1) хет-трик жасаған болатын. Француз шабуылшысының голдары мадридтік клубқа аталмыш турнирдің ширек финалына өтуге мүикіндік берді. Сондай-ақ Кәрім Чемпиондар лигасында өткен аптаның үздік ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: FONBET