Каталониялық «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Карлес Пуйоль Катардан бас тартып, АҚШ-қа ауысуды жөн санайды.
Пуйольде Катар мен АҚШ елдерінен ұсыныстар түсуде. Бірақ испаниялық қорғаушы мұхит асуды жөн көріп отыр. 36 жастағы футболшыға MLS-тің Батыс конференциясында соңғы орында келе жатқан «Колорадо Рэпидс» клубы шақыруда.
Бұған дейін Карлес «Барселона» спорт директорының көмекшісі қызметінде жұмыс жасаған болатын.