Роналдо: Мессиді командама алу үшін өз қалтамнан ақша төлеймін

08.04.2015, 03:42
Роналдо: Мессиді командама алу үшін өз қалтамнан ақша төлеймін
Бразилиялық аңыз футболшы, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және көптеген трофейлер иесі – Роналдо өз қалтасынан ақша шығарып Мессиді командасына алғысы келеді. «Мен өз калтамнан тиісті көлемдегі ақшаны Мессиді алу үшін шығаруға дайынмын, тек ол «Форт-Лодердейл Страйкерске» ауысып келсе болды. Бұл трансфер алдағы үш-төрт жылда жасалып қалуы мүмкін. Меніңше әлемдегі ешбір футболшы Оңтүстік Флоридаға келіп өмір сүруге қарсылық білдірмес, мұнда өмір сүру қолайлы», - дейді Роналдо. Естеріңізге сала кетейік, бразилиялық аңыз футболшы американдық «Форт-Лодердейл Страйкерс» командасының кеңес беруші директорлар құрамында және клубтағы бастықтардың бірі.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×