Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының тарихына енді

29.05.2022, 17:25
Кеше италиялық маман төртінші рет қалқанқұлақ кубокті жеңіп алды.
Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының тарихына енді

«Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелотти төртінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Турнирдің финалында мадридтіктер «Ливерпульді» 1:0 есебімен ұтты.

Бұл кездесудегі жалғыз голды 59-минутта Винисиус Жуниор соқты. «Ливерпуль» қарсылас қақпасын 20 рет нысанаға алып көрді, бірақ Тибо Куртуа тоғыз сейв жасап, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, Анчелотти төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер атанды. Бұған дейін италиялық маман аталмыш турнирде «Миланмен» екі рет (2002/2003, 2006/2007) және «Реалмен» бір рет (2013/2014) топ жарған еді.

«Мен бұған сене алар емеспін. Фантастикалық маусым. Жақсы өнер көрсеттік. Бұл қиын ойын болды, әсіресе бірінші таймда қатты қиналдық. Қорытындылай келе, біз бұл турнирді жеңуге лайық болдық деп ойлаймын. Артық ештеңе айта алмаймын.

Мен рекорд орнаттым. Өткен жылы Мадридке келу бақытына ие болдым және керемет маусым өткіздім. Бұл көптеген сапалы ойыншылары бар тамаша команда.

Біз өте қиын ойындардан өттік. Соңғы матчта бізге жанкүйерлер көп көмектесті. Біз бақыттымыз, олар да бақытты», - деді Анчелотти матчтан кейін берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×