«Реал Мадрид» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

29.05.2022, 12:51
Мадридтік клуб аталмыш турнирде 14 рет топ жарды.
«Реал Мадрид» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

28 мамырдан 29-на қараған түні Чемпиондар лигасының финалы аясында «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» клубтары кездесті. Франциядағы «Стад де Франс» стадионында (Сен-Дени) өткен ойын 1:0 есебімен испаниялық клубтың пайдасына шешілді.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті гол екінші таймда соғылды. 59-минутта шабуылшы Винисиус Жуниор Федерико Вальверде пасын сәтті пайдаланып, бос тұрған қақпаны дәл көздеді.

Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа финалдық матчтың үздік ойыншы атанды. Бельгиялық қақпашы ойын барысында тоғыз сейв жасады.

Бұл «Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасындағы 14-ші жеңісі. Бұған дейін мадридтік команда 1955/1956, 1956/1957, 1957/1958, 1958/1959, 1959/1960, 1965/1966, 1997/1998, 1999/2000, 2001/2002, 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018 жыоғы маусымдарда топ жарған болатын. Сондай-ақ «Реал» қалқанқұлақ кубокті соңғы 10 жылда бесінші рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×