«Тоттенхэм» хорватиялық футболшымен мәміле жасасты

29.05.2022, 02:59
Лондондық клуб осы жаздағы алғашқы трансферін жасады.
«Тоттенхэм» хорватиялық футболшымен мәміле жасасты

Хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Перишич мансабын «Тоттенхэм Хотспурда» жалғастырады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлайды.

Италиялық журналисттің айтуынша, 33 жастағы футболшы лондондық клубпен екі жылдық келісім-шартқа отырмақ. Перишичке «Ювентус» пен «Челси» де қызығушылық танытты.

Хорватиялық жартылай қорғаушы 2015 жылдан бері ойнап жүрген «Интерден» келісім-шарт мерзімі аяқталғандықтан кетіп барады. Ол өткен маусымда 49 ойынға қатысып, 10 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, «Интер» А сериясының өткен маусымын 84 ұпай жинап, екінші орында аяқтады. Олардан екі ұпай көп жинаған «Милан» Италия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×