Карпович қайта жарақат алды

18.05.2011, 20:25
Карпович қайта жарақат алды
Қазақстан құрамасы мен «Локомотивтің» капитаны Андрей Карповичқайта жарақат алып,ендігі бірнеше ай бойы ойынға қатыса алмайтын болды. Андрей Карпович Супер кубокта алған жарақатынан жазылып, ендігі жалпы топ бойынша іске кіріскен болатын. Бірақ, дайындық жүргізу барысында қайтадан бел тұсынан ауырсына бастады. Тексеру барысында сайып қыранның бел омырқасында ауыр жарақат белгілі болып, операцияға жөнелтілетін болды. 30-жасар Қазақстанның капитаны қазыр мәскеуге аттанып, онда тереңірек аурудың мінін зерттеткізіп жатыр. Дәрігерлердің болжамы бойынша, алдағы бірнеше ай бойы ойынға қатыса алмайтын болады. Яғный, бұл дегеніміз, 3 шілдеде Астанада өтетін Қазақстан құрамсының Әзербайжан командасының қарсы ойынында да өнер көрсете алмайды деген сөз. Сондай – ақ, назарларыңызға сала кетейік алдыңғы ойындардың бірінде құрамамыздың голкипері Давид Лория да емдеуі ұзақ мерзімге созылатын жарақат алған болтын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×