Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, украиналық қорғаушы Артём Барановский «Каспийге» ауысты.
31 жастағы орталық қорғаушы «Шахтерде» ақтаулық клубтың қазіргі бас бапкері Николай Костовпен бірге жұмыс жасаған. Өткен маусымда Барановский «Ақжайықтың» намысын қорғап, ҚПЛ-да 19 кездесу өткізді.
Еске салайық, «Каспийдің» қақпашысы Марко Милошевич, жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев, сондай-ақ Рамазан Кәрімов пен Талғат Құсяпов «Астанаға» ауысты.
Барановскийден бөлек, «Каспий» «Қызыл-Жардың» қорғаушысы Нұрлан Дайыровты қатарға қосуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET