«Ордабасының» ресейлік қорғаушысы «Тұранға» ауыспақ

17.01.2022, 01:45
Футболшы жақын күндері Түркияға аттанады.
«Ордабасының» ресейлік қорғаушысы «Тұранға» ауыспақ

Шымкенттік «Ордабасының» орталық қорғаушысы Александр Клещенко «Тұран» коубымен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Клещенко қаржылық қиындықтарға байланысты «Ордабасының» Премьер-лигадан шеттетілуі мүмкін екенін ескеріп, командасын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Күні кеше 26 жастағы ресейлік қорғаушыға «Тұраннан» ұсыныс түсті. Түркістандық клубтың бас бапкері Владимир Газзаев футболшымен қостанайлық «Тобыл» сапыгда бірге жұмыс істеген.

Жақын күндері Клещенко «Тұранның» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×