«Эвертон» бас бапкерін қызметінен босатты

17.01.2022, 02:09
«Эвертон» Англия Премьер-лигасындағы соңғы 13 матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.
«Эвертон» бас бапкерін қызметінен босатты

«Эвертонды» жаттықтырған испаниялық маман Рафаэль Бенитес қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Жақын арада клуб жаңа бапкердің есімін жариялайды. 61 жастағы маман «Эвертонда» 2021 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеді. Испаниялықтың клубпен келісім-шарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген еді.

Бенитестің қызметтен кетуіне команданың «Норвич Ситиден» (1:2) жеңілуі әсер етті. «Эвертон» Англия Премьер-лигасындағы соңғы 13 матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.

19 турдан кейін «Эвертон» 19 ұпаймен 15-ші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×