«Каспий» беларуссиялық қорғаушыны қатарға қоспақ

04.02.2021, 03:36
Осы маусымда ақтаулық клубты Благоевич жаттықтырады.
«Каспий» беларуссиялық қорғаушыны қатарға қоспақ

26 жастағы беларуссиялық қорғаушы Алексей Залеский ақтаулық "Каспийге" ауысуға жақын, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Алексей Залеский мансабын 2011 жылы "Динамо Минск" құрамында бастаған. Содан кейін ол "Береза-2010", "Слуцк", "Витебск", "Луч" және "Дняпро-МЧС" командаларында ойнады. Соңғы клубы "Динамо Минск" болды.

Еске сала кетейік, өткен маусымда талдықорғандық "Жетісу" сапында Алексейдің ағасы - Андрей Залеский өнер көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×